Ауғанстанда полиция ғимаратына шабуыл жасалды

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар қаласында полицияның жаттығу орталығына шабуылдаған кемінде үш жанкештінің көзі жойылды деп хабарлайды елдің ресми өкілдері. Полицияның айтуынша, жанкештілердің бірі жарылғыш заттарын іске қосып үлгерген, бірақ қалған екеуін полиция қызметкерлері атып өлтірген.

Полиция ғимаратына жасалған шабуылға байланысты жауапкершілікті "Талибан" қозғалысы өз мойнына алды.