Техаста газ құбыры жарылысынан үш адам қаза болды

Американың Техас штатында болған газ құбыры жарылысынан кем дегенде үш адам қаза тауып, алты адам жарақат алды.
Тағы да он адамнан әзірге хабар-ошар жоқ..

Өрт сөндірушілер жарылыс орнындағы өртті әлі сөндіре алмай жатыр. Оқиға себебі анықталуда.