Мексика шахтасында 55 адамның мәйіті табылды

Мексиканың оңтүстігінде Чильпансинго қаласының шетіндегі шахтадан 55 адамның өлі денесі табылды.

Жергілікті полицияның мәліметі бойынша, олар есірткі мафиясының құрбандары болуы мүмкін. Адамдардың денесін тереңдігі 200 метрлік шахтаға лақтырған.

Әзірге тек алты адамның кім екендігі анықталды. Оның ішінде қала түрмесінің бұрынғы бастығы бар.