Алматы көшелерінде қару-жарақ салынған қорап табылды

Алматы көшелерінің бірінде қару-жарақ салынған қорап табылды деп хабарлайды Қазақстан төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақпаратқа қарағанда, жарылғыш қару салынған қорапты ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Мостовая мен Набережная көшелерінің қиылысынаy тауып алған.