Ауғанстанда 2 шетел сарбазы қаза тапты

Сейсенбі күні Ауғанстандағы бомба жарылысынан НАТО-ның тағы екі сарбазы қаза тапты. Осыдан бір күн бұрын бұл елдегі шабуылдардан 10 шетел сарбазы құрбан болған еді.

Сөйтіп осы жылы Ауғанстанда қаза болған шетел күштерінің саны 247-ге жетті.