Варшава су астында қалу мүмкін

Польшадағы толассыз жауған жауынның кесірінен Варшава су астында қалуы ықтимал. Висла өзенінің деңгейі көтеріліп, тасыған су тоқтау бермей жатыр. Су құм салынған қаптармен қоршалған Завадов дуалынан да асып кеткендігі хабарланып отыр.

Метеорологтардың мәліметінше, өзендегі су деңгейі сегіз метрге дейін көтерілуі мүмкін.