Ауғанстандағы жарылыстан 40-қа жуық адам қаза болды

Ауғанстанда болған жарылыстан кем дегенде 39 адам қаза болып, 70-ке жуық адам жарақат алды. Бұл туралы Кандағардағы жергілікті билік өкілдері хабарлады.

Провинция басшысы Мұхаммад Аннустың айтуынша, жарылыс кешкі сағат тоғыз шамасында үйлену тойы өтіп жатқан жерде болған.