Мысырда темекіге тыйым салынды

Араб әлеміндегі ең көп темекі тұтынатын ел Мысыр бүгін шылым шегуге тыйым салмақ.

Қазір Александрияда барлық мемлекеттік мекемелерде шылым шегуге рұқсат жоқ.

Ресми мәліметтер бойынша, жыл сайын Мысырда 19 миллиард темекі тартылады екен. Осыған байланысты үкімет өз азаматтарының денсаулығына алаңдаулы.

Бақылаушылардың сөзінше, үкіметке өз азаматтарын темекіден арылту оңайға соқпайды.