Оштағы қақтығыста үш адам өлді

Қырғызстанның оңтүстігінде орналасқан Ош қаласындағы тәртіпсіздіктер барысында үш адам қаза болды, 45-тен астам адам жараланды. Зардап шегушілер саны өсуі мүмкін.

Қазір төтенше жағдай жариялаған қалада атылған оқ дауыстары дүрсін-дүрсін естіліп тұр. Бұған дейін Ош орталығында жастар төбелесіп, тұрғын үйлер мен дүкендердің терезелері сындырған болатын. Жастардың осы тәріздес қақтығыстары Оштағы басқа да аймақтарда тіркелген.

Ош қаласына ішкі әскер енгізілді. Құқық қорғау органдары жүйені күшейтуді көздеп отыр.