Қырғыздың Кант әуебазасына ресейлік әскер жеткізілді

Ресейлік 31-ші десанттық-шабуыл бригадасы жексенбі күні Ил-76 ұшағымен Қырғызстандағы Кант әуебазасына жеткізілді. Бұл мәліметті әуебазадағы дерек көзі растады.

Оның айтуынша, Ресей сарбаздары Канттағы ресейлік әскери нысандарды қорғап, сондағы әскер қызметкерлерінің және отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.