Францияда су тасқынынан 20 адам қаза тапты

Францияның оңтүстігінде су тасқынынан қаза болғандардың саны 20 адамға жетті. 100 мыңнан астам отбасы қазір электр жарығынсыз отыр.

Фрежюс қалашығында мың жарымнан астам адам құтқарылды. Олардың арасында демалып жатқан шетел туристері де бар.Ақпараттарға қарағанда ең көп зардап шеккен - Драгинян қаласы, ондағы ірі шығын мөлшері енді есептеледі.

Су тасқынынан көршілес жатқан Испания мен Австрия да зардап шегуде.