Израиль Газа блокадасын жеңілдетпекші

Бүгін Израиль үкіметінің мүшелері Газа қаласындағы блокаданы аздап ашып, азаматтардың Хамас бақылауындағы аймаққа заттар тасуына жол ашу үшін дауыс берді.

Премьер-министр Биньямин Нетаньяхудің үкіметі таратқан мәлімдемеде, Израиль Газаға өтетін заттардың санын көбейтіп, оның ішінде құрылыс материалдарын өткізуге рұқсат береді делінген.

Бұл жоспар мамырдың 31-дегі Газаға бағытталған қайырымдылық жүгіне Израиль рейд жүргізіп, 9 адамның өліміне әкелген жанжалдан кейін жасалып отыр.