Пәкістандағы әуе шабуылынан 11 адам қаза болды

Пәкістанның Солтүстік Вазиристан аймағындағы әуе шабуылында бүлікші деген күдікпен кемінде 11 адам қаза болды.

Барлау қызметінің хабарлауынша, атылған екі зымыран Сохел ауылындағы бүлікшілердің үйін нысанаға алған. Бұл әуе шабуылын АҚШ әскери күштері жүзеге асырды делінеді.