Стамбулда түрік әскерилеріне шабуыл жасалды

Бүгін Стамбулда әскерилер мінген автобусқа жасалған шабуылдан кем дегенде үш сарбаз қаза тапты.Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Дүйсенбі күні Түркия, күрд бүлікшілерінің белсенділігі күшейген Иракпен шекаралас аймаққа қосымша әскери күштерін жеткізген болатын.

Өткен демалыс күндері бүлікшілермен қақтығыс барысында 11 түрік сарбазы қаза болып, тағы біреуі дүйсенбі күні ауруханада көз жұмды.