НАТО генералы Вашингтонға шақырылды

Ауғанстандағы НАТО күштерінің қолбасшысы АҚШ генералы Стэнли Маккристэл Rolling Stone журналында басылған мақаласында бірқатар ресми тұлғаға қарсы сын пікір жазғаны үшін шұғыл түрде Вашингтонға шақырылды.


АҚШ баспасөзінің хабарлауынша, қазір Маккристэлдың Кабулдан Вашингтонға ұшып шыққаны белгілі болды.


Оның алдында ғана НАТО генералы аталған журналдағы мақаласында бірқатар ресми тұлғаға сын пікір жазғаны үшін кешірім сұраған болатын.


Мысалға, генерал АҚШ вице-президенті Джо Байден туралы келемеж пікір айтқан. Ал Маккристэлдің ауған жанжалындағы стратегиясына Джо Байденның күмәнмен қарайтыны мәлім.