Кот-д'Ивуар оппозициясы президентті айыптап отыр

Кот-д'Ивуар оппозициясы ел президенті Лоран Гбагбоны айыптады. Оппозиция президент сыбайлас жемқорлыққа қатысты ішкі істер министрінің үстінен қылмыстық іс қозғауға түрткі болды , енді ол осы арқылы сайлау мерзімін кезекті мәрте кейінге шегеруді көздеп отыр деп есептейді. .

Кот-д'Ивуардағы сайлау - осыдан бес жыл бұрын аяқталған азаматтық соғыстан кейін солтүстік пен оңтүстік болып бөлініп кеткен елді біріктіруде маңызды шешім болуы мүмкін.

Сайлау уақыты осыған дейін жеті рет кейінге қалдырылды.