Түркияда оңтүстік-шығыс Еуропа елдерінің саммиті басталды

Оңтүстік-шығыс Еуропа елдерінің жетекшілері бүгін Стамбулдағы аймақтық саммитке жиналды.

1996 жылы құрылған Оңтүстік-Шығыс еуропалық ынтымақтастық үдерісі ұйымы аймақта тұрақтылық орнатуға бағытталған. Оған 13 мемлекет мүше.

Түркия сыртқы істер министрі Ахмед Давутоглу басқосудың алдында сөйлеген сөзінде Еуропа Одағы мен НАТО-ны барлық Балқан елдеріне "есіктерін ашық ұстауға" шақырды. Сәрсенбі күні Сербия президенті Борис Тадич ЕуроОдақтан Сербияны өзіне мүше етіп алғысы келе ме жоқ па, соны ашық айтуды сұрады.