Бішкек: 70 мың босқын елге қайтып оралды

Қырғызстан Уақытша үкіметі этникалық жанжалдар кезінде елді тастап кеткен 70 мыңға жуық босқын қайтып оралды деп хабарлады.

Ел оңтүстігіндегі Ош және Жалалабад облыстарында маусымның 10-ы күні басталған қақтығыстардан кейін 100 мыңдай этникалық өзбек көршілес Өзбекстанға босып кеткен еді.

Ресми мәлімет бойынша, қақтығыстар барысында кем дегенде 240 адам қаза болып, мыңдаған кісі жараланды.