"Үлкен сегіздік" кедей елдерге 5 миллиард доллар бөледі

«Үлкен сегіздік тобы» кедей елдердегі балалар өлімінің алдын алуға бағытталған бес жылдық бағдарлама бойынша 5 миллиард доллар бөлуге келісті.

Канаданың Ханствилл қаласында қабылданған шешімге қоса тағы дамыған елдер мен қайырымдылық ұйымдары 2 миллион доллардан аса қаржы бөлетін болды.

«Үлкен сегіздік тобы» саммиті мен Торонтода ашылып отырған әлемнің жетекші жиырма елінің «Үлкен жиырмалық тобы» жиынының басты тақырыптары экономика және қаржыландыру мәселесі болады.