Пәкістандағы қақтығыстан 2 сарбаз мерт болды

Пәкістан қауіпсіздік күштері сенбі күні елдің көшпелі тайпалар аудандарында орын алған екі бөлек қақтығыстан кемінде екі әскер мен 10 содыр қаза тапты деп отыр.

Хабарларға қарағанда, қақтығыстың бірі Мохманд ауданындағы әскери бақылау бекетінде болды. Екіншісі Оракзай ауданында орын алды.

Оракзай ауданы - өткен жылы қауіпсіздік күштерінің Оңтүстік Вазиристандағы операцияларынан кейін жүздеген талибан және әл-Қаида жасақтары бой тасалап, бүлікшілер мекеніне айналған аймақ.