Пәкістанда АҚШ әуе соққысынан 2 бүлікші өлтірілді

Франс-Пресс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Пәкістанның солтүстік-батысындағы көшпелі тайпалар аймағы зымыран шабуылына ұшырады. Алдын-ала мәліметтерге қарағанда шабуылды Америка әскері ұйымдастыруы мүмкін.

Франс-Пресстің пәкістандық қауіпсіздік күштері өкілдері сілтеме жасап хабарлауынша, шабуылда екі содыр өлтірілген. Алыстан басқарылатын ұшқышсыз ұшақ Солтүстік Вазиристандағы үлкен қалалардың бірі Мираншах шығысынан 30 шақырымдай жердегі аймақты нысанаға алған.