АҚШ-тың арнайы өкілдері Астанаға сапарлайды

28-30 маусымда АҚШ-тың мұсылман әлеміндегі арнайы өкілі Фарах Пандит пен елдің анти-семитизммен күрес бойынша арнайы өкілі Ханна Розенталь Астанаға келеді.

Олар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төзімділік жөніндегі конференциясына қатысады. АҚШ делегациясына Вашингтонның Қазақстандағы елшісі Ричард Хоугланд жетекшілік ететін болады.