Түркия Израильдің кейбір рейстеріне әуе кеңістігін жапты

Газаға арналған гуманитарлық кемедегі рейдте бірнеше адам қаза болған соң Түркия Израиль рейстеріне әуе кеңістігін жапты. Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның мәлімдеуінше, 31 мамырдағы рейдте палестиналықтарды қолдайтын 9 түрік белсендісі құрбан болған соң Түркия Израиль рейстеріне тыйым салып отыр.

Алайда дүйсенбі күні Түркия үкіметінің ресми өкілі Израильдің әскери рейстеріне тыйым салғанымен, оның коммерциялық рейстерге қатысы жоқтығын атап көрсетті.