Мексикада қарулы қақтығыстан 21 адам мерт болды

Мексиканың Сонора штатында есірткі сатумен айналысатын бір біріне қарсы екі топтың арасында болған қарулы қақтығыстан 21 адам көз жұмды.

Қақтығыс кезінде полиция тоғыз адамды тұтқынға алған. Оның ішінде алтауы жараланған.

Мексиканың солтүстігінде орналасқан Сонора штаты арқылы АҚШ-қа контрабанда жеткізіледі.