Дағыстанда жүк поезында жарылыс болды

Бүгін таңертең Дағыстандағы Манас-Ачи темір жол өткелінде жүк поезында жарылыс болып, 9 вагон рельстен шығып кетті.

Ақпаратқа қарағанда, машинист пен оның көмекшісі ауруханаға жеткізілген.

Жолдың осы бағытындағы барлық қозғалыс тоқтатылып, оқиға орнына арнайы бригада жіберілді.