Косовода қол гранаты жарылды

Косовоның Косовска-Митровица қаласында жарылыс болды. Бірнеше адам жараланды, біреуі хал үстінде жатыр.


Полицияның жорамалы бойынша, шеруге шыққан сербтерге белгісіз біреу қол гранатын лақтырды.


Митровица қаласының сербтер тұратын бөлігінде албандардың мүддесін қорғайтын аудан әкімдігі кеңсесінің ашылуына қарсы болған мыңдаған жергілікті серб наразылық шеруіне шыққан болатын.