Ярослава Шведова Уимблдон финалына шықты

Қазақстандық Ярослава Шведова мен америкалық Ваня Кинг жұбы Уимблдон теннис турнирінің ақтық сынына жолдама алды. Олар жұма күні америкалық Лизель Хубер мен Бетани Маттек-Сандз  жұбын 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Шведова мен Кинг Үлкен Шлем турнирінің финалында ресейлік Вера Звонарева мен Вера Душевина жұбымен кездеседі.