Клинтон Кавказ келіссөздерін өткізу үшін Бакуге барды

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон өзінің Шығыс Еуропа мен Кавказ елдеріне сапарын жалғастырып, жексенбі күні Әзірбайжанға барды. Ол Бакуде президент Илхам Алиевпен Таулы-Қарабах сияқты аймақтық мәселелерді талқылайды.

Жақында Торонтода өткен Үлкен сегіздік тобының саммитінде, Ресей мен Құрама Штаттар Таулы-Қарабах дауын бейбіт шешуге шақырған. Бұл тұрғыда тараптар Алиев пен оның армениялық әріптесі Серж Саргсянды бейбіт келісім үшін бірге жұмыс жасауға үндеді.