Шыңжаңда қауіпсіздік күшейтілді

Қытай билігі елдің батысындағы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы ұлтаралық қақтығыстардың бір жылдығына байланысты, аймақтағы қауіпсіздікті күшейтті.

Полиция аймақ астанасы – Үрімжі қаласы көшелерін қатаң бақылауға алды. Қаладағы орталық алаң жабылды.

Шыңжыңда ұйғырлар мен қытайлардың арасында бір жыл бұрынғы ұлтаралық қақтығыстар барысында 200-ге жуық адам қаза болып, 1700 адам жараланды.