Пәкістанда тәліб көсемдерінің бірі өлтірілді

Пәкістан билігі дүйсенбі күні Талибан қозғалысының беделді көсемдерінің бірі өлтірілді деп хабарлады.

Ресми ақпарат бойынша, Амирулла Мехсуд Солтүстік Вазаристан ауданының астанасы – Мираншах қаласындағы атыс барысында өлтірілді. Мехсуд – пәкістандық тәлібтердің бүлікшілерін басқарған беделді қолбасшылардың бірі болды.