Молдовадағы су тасқынынан 2 мың адам көшірілді

Молдова билігі елдің батысындағы Руманиямен шекаралас аймақта Прут өзені арнадан асуына байланысты 2 мыңнан астам адам эвакуацияланды деп хабарлады. Немтени ауылындағы 100-ге жуық үйді су басып қалды. 2 мыңға жуық тұрғын көрші ауылға көшірілді.

Алдағы күндері өзен суы көтеріле береді деп болжанып отыр. Қалған тұрғын үйлерді су тасқынынан сақтап қалу үшін бөгеттер тұрғызылып жатыр.