Қытайда сүт қоспаларынан тағы да меламин табылды

Қытай үкіметі, Цинхай провинциясында құрамында денсаулыққа аса қауіпті химикат - меламині бар 64 тонна балаларға арналған сүт қоспасын тәркіледі.

Тексеріс барысында, құрғақ сүт қоспаларының кейбірінде меламин рұқсат етілген нормадан 500 есе көп болғаны анықталған.

2008 жылы Қытайда сүт өнімдерінің құрамында меламин табылып, үлкен дау болды. Нәтижесінде уланған алты бала көз жұмып, 300-ге жуығы ауруға шалдықты.