Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышы ұшты

Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы америкалық ғарыш аппаратын орбитаға алып шықты. Зымыран Байқоңырдан сенбі күні кешке ұшырылған болатын.

15 жылдық мерзімге жарамды жаңа аппарат 1997 жылғы байланыс аппаратының орнын алмастырады. Жаңа аппарат АҚШ-тың миллиондаған тұрғындарын спутниктік телеарна қызметімен қамтамасыз етеді.