Ауғанстан солтүстігіндегі жарылыстардан 12 адам қаза тапты

Ауғанстан солтүстігінде Құндыз және Бадахшан провинциялары аудандарында тіркелген үш шабуылдан 11 полиция қызметкері мен бір жергілікті әкімшілік өкілі қаза тапты.

Солтүстік аймақтар әдетте тәлібтердің шабуылдарынан көп зардап шекпеген деп есептелінеді. Бірақ соңғы уақыттары солтүстікте содырлардың шабуылдары жиілеп кетті.