Испания - футболдан әлем чемпионы

Испания құрамасы ақтық бәсекеде Голландия құрамасын 1:0 есебімен жеңіп, футболдан әлем чемпионы атанды.

Ойынның 116 минутында испандық Андрес Иньестаның дәл тигізген добы, бұған дейін тіпті финалдық ойындарға жете алмай келген Испания құрамасын жеңіске жеткізді.