Иран 20 килограмм байытылған уран өндіргенін мәлімдеді

Иран 20 пайызға байытылған уранның 20 килограмын өндіргендігін мәлімдеді. Иран атом энергетикасы ұйымының басшысы Али Акбар Салехи жергілікті IRNA агенттігіне Теһранның қыркүйек айында зерттеу реакторларын өз ядролық отынымен қамтамасыз ете алатындығын тағы да мәлімдеді.

20 пайызға байытылған уран ядролық реакторларға отын ретінде ғана емес, атом бомбасының негізі ретінде де пайдаланылады. Батыс "Иран ядролық бомба дайындап жатыр" деп күдіктенеді.