Қазақстанның оңтүстігінде құтыру дертінен жасөспірім көз жұмды

Оңтүстік Қазақстан облысында 16 жастағы жасөспірім құтыру дертінен көз жұмды, деп хабарлайды Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі.

«Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Бақытбек ауылынан 3 шілде күні «құтыру» дертіне шалдықты деген күдікпен 16 жастағы жасөспірім аудандық ауруханаға жеткізілді. 6 шілде күні диагнозы расталып, 10 шілдеге қараған түні науқас көз жұмды», - делінген сейсенбі күні таратылған ақпаратта.

Қазір науқаспен байланыста болған төрт адам бақылауға алынған.