Ангела Меркель 18 шілдеде ресми сапармен Астанаға келеді

Германия канцлері Ангела Меркель 18 шілдеде ресми сапармен Астанаға келеді, дейді Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов.

«Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен Германия канцлері Ангела Меркель 18 шілдеде ресми сапармен Астанаға келеді. Сапар барысында жоғары деңгейдегі кездесулер болып, онда екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың мән-жайын талқылау жоспарланған», - дейді ресми өкіл.

Бұрын хабарланғандай, А. Меркельдің сапары барысында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойып, сондай-ақ бизнес форум өткізу жоспарланған.