Шахрам Амири еліне оралды

Иранның ядролық физика саласындағы ғалымы Шахрам Амири еліне оралды. Әуежайда оны әйелі мен ұлы қарсы алды.

Теһран ғалымды АҚШ-тың агенттері ұрлап алып кетті деп есептейді, дегенмен соңғысы бұл мәліметті жоққа шығарып отыр.

Ол 2009 жылдың маусымында Саудияға қажылыққа барған кезінде жоғалған болатын.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Амири Америкаға өз ықтиярымен келді және қайтуға ерікті болды деп мәлімдеді. Амири Иранның халықаралық қауымдастық тарапынан наразылық туғызып отырған ядрлық бағдарламасына жұмыс істеп келді.