Ауғанстан солтүстігінде алты полиция қызметкері қаза тапты

НАТО-ның хабарлауынша, Ауғанстан солтүстігінде бүлікшілер алты ауған полиция қызметкерін өлтірді. Солтүстік атлантикалық альянс өкілдерінің айтуынша, бүлікшілер сейсенбі күні Бағлан провинциясына үкімет мекемелері мен полицияға шабуыл ұйымдастырды. Шабуылдаушылар тексеру бекетінен өтіп, ғимарат ішіндегі полиция қызметкерлерінің бастарын шауып алған.

Ауғанстанда өткен айда халықаралық күштердің 103 сарбазы қаза тапты, олардың жартысынан көбі АҚШ азаматтары.