Ғалымдар ең ауыр жұлдызды ашты

Ғалымдар астрономия тарихында ең ауыр жаңа жұлдыз ашқандығын мәлімдеді. Олардың есептеуі бойынша, R136a1 деген атауға ие бұл жұлдыздың салмағы біздің Күннен жүздеген есе ауыр болуы мүмкін.

Шеффилд университетінің астрофизигі Поль Кроутердің айтуынша, алып жұлдыз Тарантул тұмандығының жұлдыздар шоғыры орталығынан табылды.