Германия Иран диссиденттерін қабыл алды

Жексенбі күні Германия Ішкі істер министрлігі Иранның өткен жылғы даулы президенттік сайлауынан кейін бұл елден қашып шыққан 12 ирандық диссидентті қабылдап отырғанын хабарлады.

Иран билігін сынап, кейін Түркияға қашып шыққан ирандық 50 саясаткердің 12-сін қайырымдылық негізінде Германия оң қабылдаған.

Теһран мен Берлин арасындағы байланыстар соңғы жылдары Германия Иранның ядролық бағдарламасына қарсы 4-ші қайтара санкциялар салуды қолдаған соң бұзылған болатын.