Германияда фестиваль кезіндегі дүрбелеңнен 19 адам қаза болды

Германияның Дуйсбург қаласындағы “Махаббат парады” атты техно-музыкалық фестиваль кезінде жиналған жұрт арасына үрей тарап, орын алған жаппай дүрбелеңнен кемінде 19 адам қаза тапты. Тағы 340-тан аса адам жарақат алған, оның көбісі ауыр халде.

Полицияның хабарлауынша, фестивалге кіре беріс бұрынғы теміржол стансасының туннелі алдындағы қысылыстан жастар арасында топалаң орын алған.

Бұл жиынға 1 миллион 400 адам жиналған екен. 1989 жылдан бері өтіп келе жатқан “Love Parade” Еуропадағы ең үлкен музыкалық фестивалдердің бірі. Оны ұйымдастырушылар жексенбі күні бұдан былай бұл фестиваль өтпейді деп айтты.