Бразилия: үндіс тайпалары ГЭС-ті басып алды

Амазонка бассейні маңындағы үндіс тайпалары гидроэлектростанцияны басып алды. Олардың сөзінше станция ежелгі үндіс зиратының үстінде орналасқан.

ГЭС-ты басып алу кезінде станцияда 100-ге тарта жұмысшы болған.

Үндістер станцияға иелік ететін компаниядан өтемақы, сондай-ақ жергілікті биліктен білім мен денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды арттыруды талап етіп отыр.