Юрмалада «Жаңа толқын» байқауы басталады

Бүгін, шілденің 27-сінде Латвияның Юрмала қаласында жас орындаушылардың «Жаңа толқын-2010» конкурсы ашылады.

2002 жылы ресейлік композитор Игорь Крутой мен латвиялық композитор Раймонд Паулс ұйымдастырған бұл байқаудың басты мақсаты - жаңа есімдерді ашу.

Биылғы конкурстың финалында әлемнің 12 елінен 17 орындаушы қатысады. Қазақстанның атынан жас әнші Қайрат Түнтеков өнер көрсетеді.