Испания: Каталонияда корридаға тыйым салынуы мүмкін

Бүгін Каталония парламенті бұқалармен жекпе-жек ойынына тыйым салатын заңды талқылайды.

Осылайша Католония елдегі испандықтардың ұлттық ойынына тыйым салған  алғашқы аймақ болмақ.

Бұдан бұрын 180 мың каталондық, бұқалармен жекпе-жекті қатыгез, қазіргі заманға сай емес және жануарлар құқын бұзатын ойын екендігін мәлімдеп парламентке петиция жолдаған болатын. 

Ойынды жақтаушылардың сөзінше, коррида - испандықтардың сақталуы тиіс ұлттық салт- дәстүрлерінің бірі.