Пәкістанда су тасқынынан қаза тапқандар саны 200-ден асты

Пәкістанның солтүстігінде муссонды нөсер жаңбырдың салдарынан туындаған су тасқынынан қаза тапқандар саны 200-ден асты.

Хабарларға қарағанда, табиғат апатынан әсіресе Хайбер провинциясы қатты зардап шекті. Бұл аймақта 136 адам опат болды. 30 мыңнан астам тұрғын басқа аудандарға көшірілді. Пәкістандық Кашмирде кем дегенде 22 адам қаза болды деп хабарланды.

Құтқарушылар су жолдарын тазалап жатыр.