Жарылғыш тасыған қырғыздар Өзбекстан шекарасында ұсталды

Қырғызстанның 11 азаматы 11 күн бойы Өзбекстан шекарасынан өте алмай отыр деп хабарлады Азат Еуропа/Азаттық радиосының қырғыз қызметі.

Өзімен бірге 40 тонна жарылғыш зат алып келе жатқан бұл азаматтарды өзбектің Кадамжай ауданындағы «Яваги» шекара бекетінде тоқтатқан. Тәжікстанда шығарылған тауар «Кыргызгеологтехкомплекс» компаниясының өндірістің қажеті үшін сатып алынған деп хабарланды.

Қырғыз үкіметі азаматтар мен жүкті босату жұмыстарын жүргізіп жатыр.