Есіргеповтің жазасын жеңілдетіп өтеу туралы өтініші қабылданбады

«Алма-Ата Инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргеповтің жазасын жеңілдету туралы өтініші үшінші мәрте қабылданбады. Жамбыл облысы бойынша 158/2 түрме комиссиясы бүгін осындай шешім шығарды.

2009 жылы тамыз айында Тараз сотының шығарған үкімі бойынша Рамазан Есіргепов қызмет бабындағы құпияны заңсыз жариялады деген айыппен үш жылға бас бостандығынан айрылған болатын.