Ресей президенті өрт құрбандарына 12 мың долларын ұсынды

Ресей президенті Дмитрий Медведев елдегі жаппай өртенген аймақта жапа шеккен адамдарға көмек ретінде өзінің 12 мың доллар қаржысын ұсынды.

РИА-Новости агенттігіне президенттің өкілі Наталья Тимакованың мәлімдеуінше, президенттің бұл қадамынан кейін басқа да ресмилер осылай жасайды деген үміт артылған. Оның айтуынша, президент қаржысы бар қарапайым адамдар да өрттен құрбан болғандарға қаржылай көмек береді деп үміттеніп отыр.

Ресейде мыңдаған адам ормандар мен ауылға жайылған жойқын өрттен үйсіз қалды.